АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баяндама

12.04.2017

Баяндама

Жалтыр №2  ресурстық  орталығы

Магниттік  мектеп - Жарсуат

 «Заманауи әлемде

елдің қуаты

ең алдымен азаматтарының

білімімен өлшенеді»

                                   Н.Ә.Назарбаев

«Қазақстан Республикасындағы

жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына

сәйкес Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім саласын

дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында, Ақмола

облысының 2011- 2015 жылдарға арналған даму бағдарламасындағы шағын жинақталған

мектептердің мәселесін шешуге байланысты, Астрахан ауданы әкімдігі 2015 жылдың

1 қазанында №252 «Ресурстық орталық құру туралы» бұйрық шығарды.

Осы бұйрық негізінде Астрахан

аудандық  білім бөлімі 2015 жылдың 15 қазанында  №313 бұйрық 

шығарып, Жалтыр №2 ОМ –де  материалдық базаның жағдайы  мен мектептік кадрлық құрамы осы мектепте

ресурстық орталық ашуға мүмкіндік тудырды.  Жалтыр №2 орта  мектебі – тірек  мектеп, ал  оған  Жарсуат негізгі мектебі магниттік

мектеп болып бекітілді. Өткен оқу жылы 

осы тірек мектепте

8-сыныпта  4 

оқушы,

9-сыныпта  10 

оқушы  дәріс  алса, биылғы жылы

7-сыныпта  7 

оқушы,

8-сыныпта  2 

оқушы,

9-сыныпта  4 

оқушы  білім  алып жатыр.

Ресурстық

орталықтың жұмысына жұмылдырылғандар:

Жоғары білімді  9  мұғалім, оның ішінде:

 

Жоғары санатты-2

Бірінші санатты - 3

Екінші санатты -2

Санаты жоқ -2

РО-ның

миссиясы: 

Ауылдық

жердің барлық балаларына базалық және бейіндік оқыту мен тәрбиелеу негізінде

олардың қабілеттерін, жеке бейімділік ерекшеліктерін ескеретін сапалы білім

беруді қамтамасыз ету.

Ресурстық

орталықтың мақсаты — базалық және бейіндік оқытуды толық

дерлік жүзеге асыру, ауыл мектебі балаларының қабілеттері мен жеке тұлғалық

ерекшеліктерін, бейімділігін ескере отырып, сапалы біліммен қамтамасыз ету;

кең

ауқымды ақпаратпен жұмыс жасай білуге дайын, өз білімін жүзеге асыра

алатын құзырлы бітірушіні даярлау болып табылады.

РО-ның

міндеттері -

Ресурстық және магниттік мектептерде оқу-тәрбие жұмыстарын интеграциялау

негізінде бірыңғай білім кеңістігін құру;

-

оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай кестесін жасау;

-

РО мектептерінің бірыңғай режімі;

-

Кіріктірілген, бейінделген пәндер мен курстар жүргізу;

-

Білім беруді жүзеге асыруды оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету

(аудиовизуалдық құралдар, дидактикалық материалдар, компьютерлер,

бағдарламалар, үлгі қағаздар);

-

Әртүрліліктерді біріктіру негізінде бірыңғай әдістемелік кеңес құру;

-

Жалпы пікірлес педагогикалық ұжым, ғылыми-әдістемелік мәдениеттің белгілі бір

деңгейін қалыптастыру;

-

РО-ты басқару жүйесін құру;

-

Жобаны жүзеге асыру бойынша материалдық-техникалық база құру;

Тірек

мектебінің (РО) құрылымы оқытудың үш сатысынан тұрады:

Бірінші

саты

- бастауыш саты (1 - 4; 1 - 5) дайындау.

Екінші

саты -

негізгі орта білім (5 - 9; 6 - 10) бейіналды.

Үшінші

саты -

жалпы орта білім (10 - 11; 11 - 12) бейінді мектеп.

u  Ресурстық

орталық -

(бұдан әрі - РО) дегеніміз - бұл ШЖМ оқушыларының бейімделген, әр деңгейлі, көп

салалы, саралай және терең білім алуына жағдай жасайтын, оқу-тәрбие үрдісінің

әрекеттерін бағыттап отыратын ауыл мектебі. Осындай ресурстық мектептер шартты

түрде «магниттік» деп аталатын, өзінің маңына жақын орналасқан ШЖМ-ді

біріктіріп, бірыңғай мақсат еткен және көздеген міндеттері бар тұтас білім беру

жүйесін құрайды.

u  Магниттік мектеп  (бұдан

әрі - ММ) – біріктірілген сынып-комплектілері бар, оқушы саны аз,

ресурстық орталықтың бірыңғай білім беру жүйесіне кіретін жалпы білім беру

мектебі.

 

u  Тірек мектебі (ресурстық орталығына) педагогикалық

қызметіне тиісті кәсіби білімі бар азаматтарға рұқсат етіледі.

u  ТМ-не (РО)-қа білім беру процесінің мазмұнын және

ұйымдастырылуын, түрлі бақылау және басқару қызмет міндеттерін белгілеуде,

оқу-тәрбие жөніндегі басшысының орынбасары қызметі педагог-эдвайзер, үйлестіруші-педагог,

педагогенгізілген, облыстық білім басқармасымен келісіп -тьютерлер және

басқа да маман қызметтеріне жеке штат кестесі енгізілуі мүмкін.

u Оқу-тәрбие жоспарын ұйымдастыру менеджері – ТМ (РО)-та білім беру процесін ұйымдастырушы

директордың орынбасары (эдвайзер).

u Тьютор – курс

материалдарын, мағынасын, құңдылығын және пәндердің кәсіптік маңызын, оқу

материалдарын жақсы меңгерген ШЖМ педагогі. Тьютерлер – әр

оқушыға оқытудың жеке бағытын ұйымдастырады, сессия аралығында сол бойынша

жұмыстар жүргізіледі.

u  Педагог – үйлестіруші мамандығы бойынша пәнді беру құқығы, дипломы бар ТМ-де (РО-та) пән –

мұғалімі. Педагог – үйлестіруші болып арнайы білімі бар ШЖМ-тің мұғалімі болуы

да мүмкін.

u  Педагогикалық қызметткерлердің (педагогикалық жұмыс) оқу

жүктемесінің көлемі ТМ-де (РО-та) оқу жоспары және оқу бағдарламалары бойынша

сағат саны белгіленеді.

 

2. Ресурстық орталықта сессияаралық және сессиялық

кезеңдерді ұйымдастыру

u  Тірек мектебі (ресурстық орталықтың) білім беру процесіне

3 сессия (тағайындау, оқу, қорытынды) және сессияаралық кезеңдер кіреді.

u  ТМ-де (РО-та) Үйлестірушілік кеңесінің шешімімен

сессияның ұзақтылығы оқу процесінің кестесіне сәйкес 3 күннен 10 күнге дейін

бекітіледі. Сессия кезеңдерінде оқу зертханалары мен шеберханаларында

практикалық сабақтар ұйымдастырылады, оқушылардың денсаулығына көңіл бөлінеді.

u  Тағайындау сессиясы оқу жылының басында (қазан айының бірінші он күндігінде)

өтеді. Сессияның алдында оқушылардың функционалдық сауаттылығын және оқу

деңгейін анықтау мақсатында алдын-ала тестілеу жүргізіледі. Бұл жұмыс түрі

оқушының біліміндегі кемшіліктерді анықтау үшін өткізіледі. Әр оқушының оқуына

жеке бағыты анықталып, олармен сессияаралық кезеңінде жұмыстар жоспарланады.

u  Оқу сессиясы оқу жылының орта кезеңінде (қаңтар айында немесе ақпан айының бірінші он

күндігінде) жүргізіледі.

Оқу сессиясының міндеттері:

– ресурстық орталық оқушыларының жалпы оқу қабілеттері

мен дағдыларын дамыту;

– сессия аралығында оқушылардың оқу барысында қиынға

соғатын зоналарын белгілеп, оқыту барысын қадағалау;

– білім негіздері анықталған оқушылардың әр түрлі

шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру;

– нәтижеге бағытталған жұмыс;

– тұлғаның кәсіпке бейімделген бағытын анықтау.

оқу жылдың соныңда (сәуір айының 3-ші он күндігінде)

өтеді.

u  Қорытынды сессия Сессия кезіндегі оқу түрлері: пәндік сабақтар, практикалық жұмыстар,

зертханалық және бақылау жұмысы, диагностика, коррекция (түзету), тренингтік

және басқа түрлері пайданылады.

u  Оқу сессиясы кезінде химия, физика блоктарында аудиториялық сабақтар

(зертханалық, практикалық жұмыстар) математикадан (практика), тарихтан

(тренинг), «Экология», «География», «Сызу» пәндерінен кіріктірілген сабақтар,

экологиялық жобаларды қорғауды өтеді. Жеке, топтық жұмыстар ұйымдастырылады.

Сабақты ресурстық мектептердің мұғалімдері магниттік мектептердің

мұғалімдерімен біріге отырып өткізеді.

u  Сессия аралық кезеңде  оқу-танымдық процесс технологиялық карталарды

қолдана отырып және ақпараттық-коммуникациялық қатынас жасай отырып, жеке оқыту

негізінде жүзеге асады. Бейіндік және қолданбалы курстар бойынша жоба

жұмыстарының нәтижесі қарастырылады, үй тапсырмасы жеке тексеріліп,

қорғалып,бағаланады. Оқушылардың әр бағыттан қорғайтын жеке жобалары

баланың нәтижеге бағытталған білім алуын ұйымдастыруға, өзара қарым-қатынаста

коммуникативтік қасиеттерінің дамытуға үлкен көмек етеді.

Ресурстық орталықта

сессияаралық және сессия кезеңдерінде модульдік оқыту.

Кезеңдер

Модуль құрылымы

Мазмұны

Сессияаралық кезеңдер

(I-тоқсан)

 

I-модуль. Базистік оқу жоспарының инварианттық

бөлігінің пәндері.

II-модуль. Бейіндік пәндер

III-модуль. Қолданбалы курстар

IV-модуль. Таңдау курстары.

Электрондық оқыту негізінде әр бейіндік пәндердің

тақырыптары мен тараулары арқылы оқушылардың білімдерін тереңдету және

кеңейту.

Таңдау курстары оқушылардың ықыласымен, курстардың

бекітуі,

зерттеу жолдарын талқылау, модульдің курсын кеңейту,

тьютордың басқаруымен жобаның тақырыбын анықтау.

1-сессия

(қазан айының бірінші онкүндігінде)

 

II-модуль. Бейіндік пәндер

III-модуль. Қолданбалы курстар.

IV-модуль. Таңдау курстары.

Сарамандық, зертханалық, шығармашылық - зерттеу

тапырмаларын орындау.

I тоқсанның жобалық іс-әрекетін, зерттеуді іске асыру.

 

Ресурстық орталықта сессияаралық және сессия кезеңдерінде

модульдік оқыту

 

Кезеңдер

Модуль құрылымы

Мазмұны

Сессияаралық кезеңдері

(II-тоқсан)

 

I-модуль. Базистік оқу жоспарының инварианттық бөлігінің

пәндері.

II-модуль. Бейіндік пәндер

II-модуль. Қолданбалы курстар

IV-модуль. Таңдау курстары.

Электрондық оқыту негізі әр бейіндік пәндердің

тақырыптары мен тараулары арқылы оқушылардың білімдерін тереңдету және

кеңейту.

Білім беру бағдарламаларының түрлерін іске асыру,

оқушылардың білімін тереңдету және меңгеруге ықпал ету, оның ішінде

практикалық дағдыларын дамыту:

Ұсыныстармен іс-әрекет, жеке бағдар парақтарын зерттеу,

I тоқсанның жобалық іс-әрекеті.

Оқушылардың күнделігін жүргізу. Жұмыс портфолиосын

жинақтау.

Оқушының іс-әрекетін талдау (түзету, ақыл кеңес беру).

2-сессия

(ақпан айының бірінші онкүндігінде)

II-модуль.Бейіндік пәндер

III-модуль. Қолданбалы курстар.

IV-модуль. Таңдау курстары.

Білім беру бағдарламаларының түрлерін іске асыру,

оқушылардың білімін тереңдету және меңгеруге ықпал ету, оның ішінде практикалық

дағдыларын дамыту:

Оқу зертханаларында сарамандық, зертханалық, зерттеу

тапсырмаларын орындау.

II тоқсанның жобалық іс-әрекеті, зерттеулерді іске

асыру.

Оқушылардың портфолиосын бағалау.

 

Ресурстық орталықта сессияаралық және сессия кезеңдерінде

модульдік оқыту

Кезеңдер

Модуль құрылымы

Мазмұны

Сессияаралық кезеңдері.

(III-тоқсан)

 

I-модуль. Базистік оқу жоспарының инварианттық бөлігінің

пәндері.

II-модуль. Бейінділеу пәндері

III-модуль. Қолданбалы курстар

IV-модуль. Таңдау курстары.

Білім беру бағдарламаларының түрлерін іске асыру,

оқушылардың білімін тереңдету және меңгеруге ықпал ету, оның ішінде

практикалық дағдыларын дамыту: Ұсыныстар мен іс-әрекеттер, жеке бағдар

парақтарын зерттеу,

II тоқсанның жобалық іс-әрекеті. Жұмыс портфолисын

жинау.

3-сессия

(сәуір айының үшінші онкүндігінде)

 

II-модуль. Бейіндік пәндер.

III-модуль. Қолданбалы курстар.

IV-модуль. Таңдау курстары.

Пән-мұғалімнің жетекшілігімен сарамандық, зертханалық,

шығармашылық, зерттеушілік тапсырмаларын орындау. Жобаларды қорғау.

Жұмыстарды бағалау. Рефлексия.

 

Қыркүйек – сессия алды жұмыстары. Оқушылардың курстарды

таңдау, курстарды бекіту, жоба тақырыптарын анықтау, курстардың I-модулін

кеңейту, зерттеудің жолдарын қарастыру

Күзгі сессия. I – кезеңде жоба іс-әрекетерінің және зерттеулерді іске

асыру.

Сессияаралық жұмыстар. I – кезеңде жоба іс- әрекетінің және жеке бағдар

парақтарының зерттеулеріне ұсыныстар жасау.

Оқушылардың күнделігін жүргізу.

Оқушылардың іс-әрекетін (ұсыныстары, түзету) талдау.

Қысқы сессия.

II – кезеңін жоба іс-әрекетерінің және зерттеулерді іске асыру.

Оқушылардың I – кезеңнің портфолиосын бағалау.

Сессияаралық жұмыс.

II – кезеңнін жоба іс- әрекетінің және жеке бағдар парақтарының

зерттеулеріне ұсыныстар жасау.

Жұмыс портфолиосын жинау.

Көктемгі сессия.

III– кезеңін жоба іс-әрекеттерінің және зерттеулерді іске асыру.

Оқушылардың портфолиосының рейтингін білу, бағалау.

Сессияаралық кезең.

Жобалау жұмыстарын қорғауға дайындау, рәсімдеу.

Жазғы сессия.

Жобаны қорғау. Жұмысты бағалау. Рефлексия.

Диагностикалық бақылау.

Оқушылардың күнделігін жүргізу.

Жұмыс портфолиосын жинақтау.

 

Магниттік мектептердің оқушылары бірінші күннен-ақ

қызығушылық танытты, сессия соңындағы сауалнама нәтижесі бойынша көп, жаңа,

қызықты ақпарат алғандарын атап өтті. Ресурстық орталықтағы мұғалімдердің

жұмысы  магниттік мектептің оқушыларына оқытудың жаңа технологиялармен

танысуға және білім алуда өздерінің белсенділік таныта білуіне мүмкіндік берді.

Интерактивті құралды қолдану, арнайы пәндік құралдарды, көрнекіліктерді

пайдалану оқушыларға мектеп пәндері жайлы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.  Пән мұғалімдері  ресурстық орталықта  оқитын дарынды оқушыларды анықтап, олармен

зерттеу  жұмыстарын  жүргізуді қолға алды.

 

 

 

Зерттеу жұмысының 

тақырыбы мен саласы:

Зерттеу жұмысының тақырыбы

Пәні

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Жетекші мұғалімнің аты-жөні

1

Пифагор теоремасының пайда болуы және қолданылуы

Математика

Ибраева Айнұр

8 сынып

Байганат Ризагүл

2

Қажылыққа барған жергілікті жұрт өкілдері

Қазақ тілі мен әдебиеті

Аллаберген Қамқор

9 сынып

Шонгалова Г.Б.

3

ХVІІІ ғасыр мәдениетінің жырауларының тарихы

Қазақстан тарихы

Абжанова Анара

8 сынып

Махметова М.Б.

4

 

Физика

Ибраева Әйгерім

9 сынып

Жұмағалиева А.С.

5

Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орналасуы

Химия

Ибраева Айнұр

8 сынып

Абдрахманов Д.Н.

6

Жарсуаттың географиялық орны мен табиғаты

География

Айтжанов Алмас

7 сынып

Тыңхан Н.

 

Мұғалімнің  аты -

жөні

Сыныбы

Пәні

Тақырыбы

Қолданған жабдықтар

Байганат  Р. Б.

8 «А»

Геометрия

«Төртбұрыштар»

Слайд, интерактивті тақта

9 «А»

Алгебра

«Тізбектер»

Слайд, интерактивті тақта

9 «А»

Геометрия

«Аудан ұғымы»

Слайд, интерактивті тақта, электрондық оқулық

Жұмағалиева  А.С.

9 «А»

Физика

«Импульстің 

сақталу  заңы»

Слайд

Тынхан Н.

8 «А»

География

«Биік  таулы  өлкелер»

Слайд

9 «А»

География

«Өнеркәсіп 

кешеніне  жалпы  сипаттама»

Слайд

Шонгалова Г.Б.

9 «А»

Қазақ әдебиеті

Қожа Ахмет Йассауи «Диуани хикмет»

Слайд

Досаева Ә. Ж.

8 «А»

Ағылшын тілі

«Youth

organizations»

Слайд, интерактивті тақта

9 «А»

Ағылшын тілі

«Primary and

secondary schools»

Слайд, интерактивті тақта

Махметова М.Б.

9 «А»

Қазақстан тарихы

«Қоғамдық 

саяси  өмір»

Слайд

9 «А»

Дүниежүзі тарихы

«Түркия»

Слайд, электрондық оқулық

8 «А»

Қазақстан тарихы

«Кенесары 

бастаған  ұлт – азаттық  көтеріліс»

«Исатай мен Махамбет 

бастаған  көтеріліс»

Слайд

8 «А»

Дүниежүзі тарихы

«Жапония»

электрондық оқулық

 

Қорытынды

Шағын жинақты мектептің мәселелері Қазақстан

Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасында қаралған.

Оның басты мақсаты:

– экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің

қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге

қабілеттілігін арттыру;

– жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан

Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын

қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім

алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін

бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту;

– қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық

даму сұраныстарына сәйкес әлемдік білім беру кеңістігіне кіру;

– еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық

даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім

беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының

жоғары деңгейіне қол жеткізу;

– өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз

ету;

– жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды,

әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және

көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруды жүзеге асыру.

 

Күтілетін  нәтиже

Ресурстық орталық арқылы оқытудың тиімділігі:

– оқушылардың өзара қарым-қатынас деңгейінің артуы;

– өз қабілетін салыстыру арқылы бағалауы;

– білім беру аясының кеңеюі;

– жаңа ортада оқушының еркін сөйлеуіне, ойын анық

жеткізуіне әсері.

Ресурстық орталық арқылы оқытудың нәтижесі:

– оқушылардың қызығушылығының оянуы;

– оқу үдерісі бойынша оқушылардың арасында білімге

«бәсекелестіктің» туындауы;

– сессия барысында оқушылардың білім деңгейінің

көтерілуін, ғылыми жобаларға және қосымша білім алу мәселелері оң бағытта

шешілетіндігін атауға болады.

 

«Шын ілім адамдарды биік ізгілікке үйретеді, ол –

адамдардың жаңаруы»

 

Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст