Текст
«Жалтыр ауылының №2 ЖОББМ» КММ жанындағы «Балапан» шағын-орталығынд консультациялық пункт 26.12.2024ж. күні өз жұмысын бастады.Алдымен жоспар құрылып,бекітілді.Әр аптаның бейсенбісі ауылымыздың солтүстік бөлігіндегі ауданында тұратын мектеп жасына дейінгі балалары бар ата-аналар келіп, консультациялық көмек ала алады.Баланы тәрбиелеу,оқыту және дамыту мәселелерінде олардың психологиялық-педагогикалық дамуы туралы КП мамандары кеңес беруге дайын.
КП негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы проблемаларды тануға көмектесу.Алғашқы күні кеңеске бір ата-ана келді, Иманкулова Анель баласын әкеліп,медбике және психолог мамандардың баланың дамуы туралы ақпаратын алды.