«Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді сурып – ақ алыңдар- деп жырлаған Сұлтанмахмұт Торайғыров туған
тіліміз біздің байлығымыз, барымыз, аманатымыз.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының
шығуы ел ішінде елеулі оқиғалармен қанық болды. Бұл мақалада еліміздің дамыған
мемлекеттермен терезесі тең, келешек ұрпақ сауатты , дәуір көшінен қалыспай
алға ілгерлеудің алдын алатын
әліпбиімізді латын қарпіне , латын әліпбейіне көшіру туралы айтылған
–ды. Күнделікті өмірде қолданысқа түсіп, бояуы сіңіп кеткен әліпбейден латын
қаріпіне көшу ол бір күннің жұмысы емесі анық. Латын қарпіне көшуге дұрыс деп
шешім қабылдаушылармен қатар қарсы шығатын қауымның болары да анық. Мұндай жауапты істе әрбір қазақ азаматы білек
түріп ат салысу керек деп ойламын .
Менің ойымша латын қарпіне көшу
өте дұрыс шешім, әрі қолдайтынымды айтқым келеді. Жаратқанымыз қолдап бабам
аңсаған азат күнде өмір сүрудеміз, өзге елге жалтақтап, елімізде дүрбелең
заманы өтіп жатқан жоқ. Олай болса ұлтты ұлт қылатын тілімізге де бірізділік
болса , оның несі айып. Бізге бұл іс өте қиын көрінгенімен, тарихты еске сала
кеткеніміз жөн, латыннан кирилге бір күнде көшкен болатынбыз.
Атырапқа құлақ салсақ бұл шешім
өте асығыстық екенін алға тартып, кейін өкініш тартып қалып жүрмейік деп
айтылуда. Әрине бұл сын пікірлермен де санаспай кетуге болмас. Асығыстық
шайтанның ісі демекші, әр істі ойлап, нық қадаммен басқанымыз жөн, әйтседе дамыған
жаңа заманда тек алға қорықпай қадам
басу керек. Айта кетсек бүгінгі
компьютер зманында ғаламтор жүйесінде латын әліпбиінің алатын орны орасан зор.
Латн әліпбиі бізге жат емес, бәріміздің күнделікті қолданып жүрген поштамыз,
көлік маркаларымыз, дәрі- дәрмектеріміз, керек десеңіз төлқұжатымыз, жүретін
көліктерімізде де осы латын әліпбиімен жазылуда. Яғни латын әліпбиі біздің
қоғамда бізбен етене байланыста өмір сүреді. Біз латын әліпбиін күнделікті
өмірде жиі қолданамыз, одан шығатын қорытынды біз бұл тілді де тез меңгеріп
кете аламыз. Латын әліпбиінің халыққа берер пайдасы мол. Ол біздің тілімізге
еніп кеткен артық дыбыстардың жойылуы, сол дыбыстарға қатысты ережелердің
болмауы, компьютер, ғаламторды жетік меңгере алуымыз, түбі бір түркі елдері
қатарынан болған соң олармен тығыз қарым-қатынаста болу үшін көшкеніміз де жөн болар.
Айтпағым латын әліпибіне көшуді
біз жастар қолдасақ тез меңгеріп, жарқын болашаққа жол ашар едік. Әр адам елдің
қаланған бір кірпіші емес пе, әр тұлға осы жандануды өзі бастаса, ел бірлігінің
артуына септігін тигізер еді...