Текст
Қараша айының 25-імен желтоқсан айының 10-ы аралығында өтіп жатқан "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" атты Республикалық науқан аясында мектеп кітапханашысы З.Г. Хисамутдинова кітап көрмесін ұйымдастырды. Сонымен қатар мектептің әр сыныбыңда "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты сынып сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттың мақсатты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы түсінік беру, адам жаны мен тәніне тигізетін зардаптар туралы мағлұматтар беру. Оқушыларға зорлық-зомбылық көрсетілген жағдайда қорғайтын заң бар екенін түсіндіру. Оқушыларға "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында презентациялар көрсетілді, сұрақтар жіберіліп, жауаптары тыңдалды. "Бақытты балалық шақ" тақырыбында эссе жазылды. Бейнесабақ тындалды.