Ағымдағы жылдың 29 тамызы күні біліктілік санатын арттырушы педагогтердің портфолиосын тексеру мақсатында аттестациялық комиссия мүшелерінің отырысы өтті. Отырыста біліктілік санатын арттырушы 7 педагогтің портфолиосы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының
2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен бекітілген кәсіптік стандартына (бұдан әрі – Кәсіптік стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31149 болып тіркелген) және «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейін ескере отырып тексерілді.