АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жұмыс қарқындылығы: мақсат, синергия, көшбасшылық" жас педагогтардың облыстық семинары

28.01.2020

Ақмола облысы Білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 7-8 қаңтар күндері «Звездный» БСО-да жас педагогтарының облыстық семинары өткізілді. Семинар тақырыбы: «Жұмыс қарқындылығы: мақсат, синергия,көшбасшылық».

Ақмола облысы Білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Ғ.Ө.Дюсенова құттықтау сөзімен облыстық семинарды ашты.

Жас педагогтардың жұмыс қарқындылығын арттыру мақсатында  Ақмола облысы  Білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің тәрбие бөлімінің әдіскері, педагог-психолог Ермұханова Инара Ибраимовна «Ортақ мақсаттарға бірге қол жеткізу» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында жас педагогтардың бір-бірімен жақын танысып, бірлесе жұмыс жасауына жол көрсетті.

Психологиялық тренингті Степногорск қаласының № 7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Икранбек Мұхтар «Мұғалімнің бастапқы қадамы» атты дебатымен жалғастырды. Жас педагогтар жыл мезгілдеріне сай топқа бөлініп, нақты талдау мен нәтижені талап ететін педагогикалық жағдаяттарды ұсынды. Жас мамандар педагогикалық жағдаяттарды барынша шешуге тырысып, өз ойларымен бөлісіп, дебаттарды қыздыра түсті.

Семинарды «Корпоративті мәдениетті басқару жобасының таныстырылымымен Астрахан ауданы  № 2  Жалтыр ауылы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Омарбекова Серікгүл Бағдатқызы жалғастырды. Корпоративті мәдениеттің білім саласындағы мәселесі және маңыздылығымен таныстыра отырып, ұжым арасындағы бірлікті нығайту қажет екендігін жеткізді.

 «Нұр Отан» партиясы Ақмола филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бекешев Султанбек Евгеньевич «Тұлғалық өсу. Команда құру» тренингісін өткізді. «Оқушыларға кәсіби бағдар беру-келешектің сұранысы» дәріс-презентациясымен  Целиноград ауданы Мортық ауылының № 34 негізгі мектебінің  мұғалімі  Әмзе Бекежан Ұлықбекұлы жалғастырды.

«Мектепті ІТ басқару» жобасының таныстырылымын Мималымов Сәулембек Кенжеболатұлы, Зеренді ауданының Чаглинка негізгі мектебінің информатика пәні мұғалімі электронды журналды жүргізу, оқыту үдерісінің SWOT талдауы бойынша жобаны ұсынды.

Колледж оқытушылары Зубов А.Ю., Жунусова Ж.Н., Даутов А.Б. оздерінің ерекше әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, презентацияларын көрсетті.

Семинар соңында қатысушылр екі күнде алған ақпараттарды талқылап, пікірлерімен алмасып,  алдағы жұмыстарына жаңа мақсаттарды қойды.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері жастарға көмек көрсетіп, олардың креативті идеяларын іске асыру үшін әрқашан қолдау жасайды.

Просмотров: 306


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст