АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қыстық Мектеп 2020 AlmaU

28.01.2020

2020 жылғы 13-17 қаңтар аралығында  (АлмаU) Алматы Менеджмент Университетінде «Білім беру ұйымдары: басқа мағыналар, кеңістік, коммуникация» тақырыбы бойынша  «АлмаU» қысқы мектебінің республикалық семинары өтті. Оған жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлері, мектеп, колледж директорлары мен мұғалімдері, сондай-ақ білім беру саласындағы сараптаманы тереңдетуге ниет білдірген басқа да тұлғалар қатысты.

Оқытудың практикалық құндылығы: 

- сарапшы-практиктермен, білім саласындағы әріптестермен қарым-қатынас, білім беру кейстерін талқылау, оқытушылық және басқарушылық құзыреттілікті қайта жүктеу;

- пікірталас алаңы.

Жас мұғалімдердің Алматы қаласына баруын Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырды. Зеренді, Астрахан, Жақсы аудандары мен Степногорск қ. мектептерінің алты жас педагогтары Омарбекова Серікгүл, Захан Жансая, Мималымов Саулембек, Икранбек Мухтар, Крицкая Юлия және Бикаева Лана оқыту үдерісіне, жобаларды жасауға белсене қатысты. Олар үшін барлығы жаңа: құзыреттіліктер, танысу, кейстер болды. Менің ойымша, олардың әрқайсысы жаңа ойларымен, жаңа идеяларымен, жоспарларымен және армандарымен мүлдем басқа адам болды.

Білім беру бір орнында тұрмайды, жүйелі түрде жаңартылып отырады. Дәстүрлі білім берумен қатар болашаққа білім беру, болашақ мектептері құрылады. 

Білім беру ортасындағы ХХІ ғасырдың дағдылары, оқытушының авторлық силлабусы, болашақтың білімі, креативтілік, креативті концепцияларды құру үшін инвент-менеджменттің негіздері туралы, жұмыста бақытты болу ғылымы туралы, мұғалімнің иммиджі мен үрейленуі туралы ақпарат семинар тыңдаушыларын қызығушылығын тудырып, оларға ой-өрісі үшін негіз берді, білім беру ортасындағы ары қарай өсуге ынталандырды.

Қысқы мектеп спикерлері:

- Александр Мурашев, «Маяк» радиосында «Басқа мектеп» авторлық бағдарламасының жүргізушісі, «Қалыпты адамдар» жобасының және «Басқа мектеп» кітабының авторы, Мәскеу қаласы.

- Анжела Елисеева, Мәскеу қ. «Жаңа мектеп»  жобасының жетекшісі.

- Халида Әжіғұлова, Британдық жоғары білім академиясының мүшесі, Ұлыбритания Оксфор университетінің құқық магистрі, «Болашақ мектебі» әлеуметтік жобасының модераторы.

- Эльмира Карманова, «Коммунити» ЖШС құрылтайшысы және Алматы қаласы «Мәдени, әлеуметтік және білім беру даму қоры» қамқоршылық кеңесінің төрайымы.

- Татьяна Магамбетова, Алматы қаласы High Tech Akademy директоры.

- Мади Бекдаир, Азия стилисттері қауымдастығының және «Style session» аттас стилисттер мектебінің негізін қалаушы және жаттықтырушысы, Қазақстандағы алғашқы стилистика бойынша «Кемелденген стильге алты қадам» оқулығының авторы, әлем траналарындағы халықаралық тәжірибесі бар иммидж-стилист.

- Диас Асанов, педагог, Koktobe school директоры, Алматы қаласы.

- Алмагүл Қанағатова, философия ғылымдарының докторы, доцент, адамды жеке капиталдандыру және білім беру философиясы бойынша оқыту семинарларының авторы, «Болашақ» (Қазақстан) халықаралық бағдарламасының, «Сколково» ректорлар мектебінің (Ресей) түлегі, Алма бірінші проректоры.

 Осы және халықаралық деңгейдегі басқа да спикерлердің арқасында Ақмола облысының делегациясы қазіргі заманғы креативті мұғалімге қажетті маңызды әрі пайдалы болып табылады. Алдағы уақытта қысқы мектептің әрбір қатысушысында осы дәстүрлі емес семинарда алған білімдерін өмірге енгізу қажет.

Просмотров: 491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст