АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы жас педагогтарының ІІ облыстық форумы

09.12.2019

2019 жылдың 22 қараша күнінде Көкшетау қаласында 
ІІ Облыстық жас педагогтар форумы өтті

Жас мамандардың кәсіби шеберліктерін арттыруға, кәсіби қиындықтарды жеңуге, оларға көмек көрсету жолдарын іске асыру мақсатында облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ІІ Облыстық жас педагогтар форумын өткізді. 
Аталған іс-шараны Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Дүйсенова ашты. Ұлағатты ұстаздар Б.Х.Омарова мен Т.Г.Чеша жас мұғалімдерге үлгі өнеге беріп, әрдайым жаңашыл әдіс-тәсілдермен өз қоржындарын толықтыруға өсиет берді.
Форумда жас болса да, ұстаз деген атқа лайық 100-ден астам колледж, мектеп мұғалімдері қатысты.
Облыстың жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдері мен кәсіби-техникалық колледждерінің педагогтарына республикалық, облыстық білім салаларының үздік спикерлері шебер-сағаттарын жүргізді.
Алматы қаласының АлмаU университетінің бірінші проректоры А.М. Қанағатова форум қатысушыларына рух беріп, алдағы табысты шындарға жету жолдарын көрсетті. 
Жастардың форумы жоғары деңгейде өтіп, жас мұғалімдерінің педагогика саласындағы жетістіктері одан да сапалы болатынына сенімдіміз!
Өз ісіне берілген, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді!

Просмотров: 402


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст