АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жалтыр №2 орта мектебі» ММ бойынша 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының талдауы (І жартыжылдық)

16.01.2018

«Жалтыр №2 орта

мектебі» ММ бойынша

2017-2018 оқу

жылындағы

тәрбие жұмысының

талдауы (І жартыжылдық)

Мектептегі оқушылар саны:

Жыл басында -182 оқушы

І жыртыжылдың аяғында – 182

 

Мектептегі тәрбие жұмысының нормативтік құқықтық

қамтамасыз ету

Мектептегі тәрбие жұмысы төмендегі құжаттарды негізге ала

отырпы жұмыс ұйымдастырылды.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің нормативтік негізін

Қазақстан Республикасының келесі стратегиялық 

құжаттарды құрайды:

-Қазақстан Республикасының Конституциясы;

-«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1995 жылы

30 тамызда республикалық референмдумда қабылданған. 2011.02.02. берілген

өзгертулер мен толықтыруларымен);

- «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы турал» Қазақстан

Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518 –ІҮ Кодексі (2014.17.11.

берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27

шілдедегі №319 –ІІІ Заңы (2015.13.01. берілген өзгертулер мен

толықтыруларымен);

- «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі;

- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 –ІІ Заңы (2014.29.12.

берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

- «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»

Қазақстан  Республикасының 2011 жылғы 11

қазандағы № 483-ІҮЗаңы;

- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050»стратегиясы:қалыптасқан мемлекеттің

жаңа саяси бағыты»;

- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы -2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір

олашақ»;

- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауы- «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»;

- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

2011-2020 жылдарға арналған мемлекетттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасына

Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 жарлығымен бекітілген(201.12.08.

берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

- Қазақстан Республикасының «жасыл экономикадағы»көшуі

жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы

Президентінің  2013 жылғы 30 мамырдағы

№577 жарлығымен бекітілген;

- Қазқстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің

2014 жылғы 26 желтоқсандағы№986 Жарлығымен бекітілген;

- «Барлық білім беру ұйымдарында оқытудың тәрбиелік

құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан

Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы 29

маусымдағы №873 Қаулысы;

- «Қазақстан 2020»болашақ жол» Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы №191 Қаулысымен  мақұлданған;

-Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру

жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым

министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 

бұйрығы.

  Тәрбиенің

тұжырымдамалық негіздері Адам құқықтарының жалпығы бірдей деклрацисын, Бала

құқықтары туралы конвенцияны, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени

құқықтарының халықаралық декларациясын,Үздіксіз білім беру бойынша ЮНЕСКО

ұсынымдарын ескереді.

     Мектептің 2017 – 2018 оқу жылына арналған тәрбие

жұмысының тақырыбы:

«Мәңгілік Ел  патриоттық актісінің

құндылықтар жүйесі негізінде зияткерлік көшбасшылықты қалыптастыру».

Тәрбие жұмысының мақсаты:

Бәсекеге қабілетті ортада өзін-өзі көрсете білетін,

мәдениетті және азаматтық жауапкершіліг мол, үйлесімді дамыған, шығармашыл,

рухани-адамгершілігі мол, өз Отанының нағыз патриоты тұлға қалыптастыру. 

 Тәрбие жұмысының міндеттері: 

• мектеп оқушыларын тәрбиелеу үрдісіне педагогикалық

ұжым, ата-аналар, жергілікті қауымдастық және қоғамның күшін  біріктіріп жұмыс жүргізу; 

• білім алу, қосымша білім алу, сыныптан тыс іс-шаралар

қатысу және жергілікті қауымдастықтың мәселелерін шешуге көмектесу арқылы оқушылардың

өмірлік біліктіліктерін дамыту.

      Оқу жылының басында 2016-2017 оқу жылында

атқарған жұмыстарға талдау арқылы 2017-2018 оқу жылына міндеттер айқындалды,

ұйымдастыру шаралар іске асты: сынып жетекшілер тағайындалдыоқушылардың және

ата-аналардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының

бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп, белгіленді.

      Сонымен қатар тәрбие шараларға

бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жеткешілердің тәрбие

жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне

біріңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен

мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен

педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды.

     Тәрбие тұжырымдамасының негізгі

бағыттарына сәйкес жылдық жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен

бекітілген, 2017-2018 оқу жылында мектептің тәрбие жұмысы төмендегідей бағыттар

бойынша жүзеге асырылды:

-Қазақстандық

патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;

- Рухани

–адамгершілік тәрбие;

-Ұлттық

тәрбие;

-Отбасы

тәрбие;

-Еңбек,

экономикалық және экологиялық тәрбие;

-Көпмәдениетті

және көркем-эстетикалық тәрбие;

-Зияткерлік

тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі;

-Дене

тәрбиесі, салауатты өмір салты;

-Ата-аналармен

жұмыс

-АҚТБ/ЖҚТБ

алдын алу 1-11 сынып

-Ерте

жүктіліктің алдын алу 1-11 сынып

-Діни

экстремизм және ланкестіктің алдын алу 5-11 сынып

-Құқықбұзушылықтың

алдын алу 5-11 сынып

- «Мәңгілік

Ел» жалпысыныптық идеясы 1-11 сынып

- «Рухани жаңғыру»

бағдарламасы 1-11 сынып

-Суицид

5-11  сынып

- Қауіпсіз

интернет

-ҚР Тұңғыш

Президенті  күні

-Астана

қаласының 20 жылдығы

-

Жемқорлыққа қарсы күрес 5-11 сынып

-ЖЖЕ 1-8

сынып

-Кәсіптік

бағдар 9-11 сынып

    Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас

жауы –демекші жоспарда тәрбие жұмысының бағыттары, түрлері толық қамтылып,

жоспар аясында жұмыстар жүргізілді.

    Сонымен қатар  жол қауіпсіздік ережелерін насихаттаау, өмір

қауіпсіздігі ережелерін үйрету, балалар жарақатын болдырмаудың алдын алк

шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышандарын

насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік

көқарасқа және суицидке қарсы жүргізілетін іс-шаралар кеңінен  жоспарланды. Мектеп әкімшілігімен бірлесіп

атқаратын жұмыстардың көлемі бекітілді. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың

алдын алуды ұйымдастыру шаралары бірлесіп жасалды.

ҚЫРКҮЙЕК

Жыл басында

Білім күніне арналған «Сыңғырла, алғашқы қоңырау»атты салтанатты жиынмен

бастадық. Жиынға ата-аналар, оқушылар, қонақтар,ұстаздар қауымы қатысты.

Салтанатты жиынның қонақтар мен мектеп директоры Г.Шоңғалова табалдырығын алғаш

аттағалы отырған бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Білім күні ауданның барлық

мектептерінде «Мен өз Отанымның Патриотымын» атты біріңғай сынып сағаттарын

өткізді.

     Қыркүйектің 1-7 аралығында мектебімізде

«Денсаулығымды сақтаймын-өзімді өзім баптаймын» ұранымен Денсаулық апталығы

өткізілді. Апталық барысында 

мектебімізде түрлі іс-шаралар өткізілді. Апталық барысында педагогикалқы

ұжым көптеген іс-шаралар өткізді. Әдеттегідей дене тәрбиесі пәні мұғалімдері

спорттық жарыстар, сайыстар ұйымдастырды. Сайыстарға мектебіміздің 5-11 сынып

оқушылары қатысты. Ал бастауыш сынып мұғалімдері 1-4 сыныптар арасында «Мен және

менің анам мен әкем» атты атааналармен спорттық іс-шара ұйымдастырды. Футбол,

воллейбол, баскетбол, жүгіру т.б іс-шаралар ұйымдастырды. 2-6 қыркүйек

аралығында сынып жетекшілері де оқушылармен денсаулық тақырыбында, зиянды

әдеттердің алдын алу туралы тақырыптық сынып сағаттарын өткізді. «Денсаулық

апталығының» жабылуына арналған салтанатты сап түзеу өткізілд. Сап түзеуде

қортындылар шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.

      14-22 қыркүйек аралығында елімізде тілдер

апталығы аталып өтті. 1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  Республика халықтарының ұлттық байлығы-Тілді

қорғау мақсатымен 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдер күні» деп

жариялаған еді. Бұл мереке еліміздің жер-жерінде мәдени шараларға толы

апталыққа ұласуда. Мұндай шара біздің мектебімізде 14-22 қыркүйек аралығында

«Тілім менің тірлігімнің тірегі» деген атпен өтті. Бұл іс-шараның мақсаты ана

тілінің маңызы мен қоғамдағы орны, жас ұрпақтың ана тілінің қадір-қасиетін

түсіне білуін , сүйе білуін арттыру, балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға

және қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Оқушылардың тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл

тазалығы үшін күресуге, сөз өнерін баулу. Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту,

мәнерлеп оқи білуге, ата-баба мұрасына адалдыққа және оны жалғастырушы болуға баулу.

Тіл мұғалімдері сыныптан тыс іс-шаралар мен ашық сабақтар ұйымдастырып өткізген

болатын.

    Апталық аясында бекітілген жоспар бойынша

мектебіміздің тіл мамандары Қазақстан Республикасында тұрған барша халықтың

тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі

іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.

     Мектебімізде тіл мерекесіне арналып,  мектеп кітапханашысы З.Г.Хисамутдинованың

жетекшілігімен көрмеұйымдастырлды. Бұл көрменің негізгі мақсатты –болашақ жас

ұрпақтың дүниетанымының дұрыс қалыптасуы, ой-өрісінің биік болуына байланысты

өткізілді.

     «Ата –анамның жұмысындағы үш күн» жобасы

бойынша 6 сынып оқушылары өз жобаларын қорғады. Бұл жобаның негізгі мақсаты –

оқушыларға кәсіптік бағдар беру.

      Жалпы қыркүйек айында тәрбие жұмысы

төмендегідей бағыттарды қамтыды:

-Азаматтық-патриоттық,

құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

-Отбасы

тәрбиесі

-Дене

тәрбиесі,салауатты өмір салтын қалыптастру

-Ұлттық

тәрбие

Барлық сынып

сағаттардың тақырыптары мен мазмұны салауатты өмір салтын ұстануға, жаман

әдеттерден аулақ болуға шақыратын, отбасылық құндылықтарды сақтауға, туған

тілін және басқа ұлттардың тілі мен салт-дәстүрін құрметтеуге, оқушылрадың

патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге бағытталған.

ҚАЗАН

Қазан айында

келесідей іс-шаралар өткізілді. Қарттар күніне орай «Қарттарым –асыл қазынам»

атты  мерекелік концертті бастауыш сынып

мұғалімдері ұйымдастырылды.Концерт өте әсерлі өтті деуге болады. Мектеп

оқушылары өздерінің ата-әжелерін шақырып музыкалық номерлер көрсетіп, дастарқан

жасады. «Қоғамға қызмет жобасы аясында тәлімгердің  басшылығымен 

«Қамқорлық» науқаны  қарт

адамдарға көмек көрсетілді . Биылғы жылы Ұстаздар күніне арналған мерекелік

концерт жоғары деңгейде өткізілді деуге болады. Концерт үшін 11 «А», 11 «Б»

жауапты болды. Балалармен бірге мектептің әр мұғалімі туралы тақпақтар құрып,

бейнероликтер дайындалды, концертке түрлі жанрдағы номерлер дайындалды, балалар

өздерінің жаңа шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

      Сонымен қатар қазан айында мектебімізде

«Зиянды әдеттер» атты онкүндік өткізілді. Онкүндік барысында сынып жетекшілері

тақырыптық сынып сағаттар ұйымдастырса, ТІ  

меңгерушісі сауалнамалар, мультимедиялық кабинеттің лаборанты Каукенов

Н.Т балаларға «Зиянды әдеттерден аулақ бол» «Зиянды әдеттердің зардабы» т.с.с.

бейнероликтер демонстрациясын ұйымдастырды. Мектеп психологтары оқушылармен

жаман әдеттердің алдын алуға бағытталған тренингтер мен әңгімелесулер өткізді.

«Жемқорлықпен күрес» Мемлкеттік қызмет ұйымдарына 7-8 сыныптар мектпе

тәлімгерімен экскурсия жасады.

Қазан айының

25 күні Жасөспірімдер істері бойынша инспектор Ержанова А.А. 5-6

сыныптармен  «Жолда жүру ережесі» бойынша

оқушылармен әңгіме жүргізді.

Ата-анамның

жұмысындағы үш күн»жобасы бойынша 7 сыныптар өз жобаларын қорғады.

22.10 күні

5-11 сынып аралығында «Күзгі бал» өткізілді. Бұл іс-шара 4 кезеңнен тұрды.

Өзін-өзі таныстыру, өз өнерін көрсету, дәмді салат жасау, сән үлгісі көрсетті.

  Оқушылар арасында төзөімділік, толенраттылық

тәрбиені насихаттау онкүндігі шеңберінде іс-шаралар жоспары құрылған болатын.

Бұл жоспарға тақырыптық мсынып сағттар, ашық сабақтар, өзін –өзі тану

сабақтары, суреттер байқауы, бейнероликтер көрсетілімі, тақырыптық сынып

сағаттары кіргізілген болатын.

     Қазан айында тәрбие жұмысы төмендегідей бағыттарды

қамтыды;

-Рухани

–адамгершілік тәрбие

-Дене

тәрбиесі және салауатты өмір салты

Әр бағыт

бойынша тақырыптық сынып сағаттар өткізілді. Барлық сынып сағаттрадың

тақырыптары мен мазмұны балалрдың рухани-адамгершілік қасиеттерін айқындау,

салуатты өмір салтын ұстануға, отбасылық құндылықтарды сақтауға және

оқушылардың патриоттық сезімдерін, үлкенге құрмет сезімдерін тәрбиелеуге

бағытталған.

ҚАРАША

Әдеттеегідей қараша

айының бірінші аптасы демалыспен сәйкес келді. Күзгі демалыс уақытында мектеп

кітапханашысы, тәлімдер оқушылармен сыныптан тыс шаралар өткізді. Мектеп

психологтары құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепішілік, аудындық

тіркеуде тұрған оқушылармен тренингтер, әңгімелер жүргізді.

Қараша айында

«Суда, мұзда жүргенде қауіпсіздік ережелері»тақырыбында бірқатар  жұмыстар жүргізілді. Мектеп әкімшілігі

қауіпсіздік шараларын нығаутуға, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз

ету үшін жұмыс жоспарын құрды.  Жоспарға

сай су тасу және мұз қату уақытында қауіпсіздік шараларын бақылау туралы ұсыныстар

мен кеңестер таратылды. Сынып жетекшілері балалармен қауіпті жағдайда өзін-өзі

ұстау туралы, алғашқы жәрдем көрсету туралы кеңестер берді.

Зорлық-зомбылықсыз

және қатыгездік балалық шақ республикалық ақпараттық кампания шеңберінде

іс-шаралар өткізілді. Мақсаты балаларға деген қатыгездік  мәселесіне қоғамның көңілің аудару.

Қатыгездік, зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған ақпарат тарату.

1-11 сынып

жетекшілері оқушыларға тақырыптық сынып сағаттарда зорлық-зомбылық, оның

зардаптары, балаға әсері туралы айтып берді. Сонымен қатар мектеп медбикесі

де,зорлық –зомбылықтың алдын алу мақсатында әңгіме-сұхбат жүргізді. БҰҰ Балалар

құқықтарын қорғау туралы конвенция беттерінде саяхат. Сынып жетекшілері, мектеп

психологтары ата-аналармен тренингтер, сауалнамалар,әңгімелесулер жүргізді.

   Мектебіміздің кітапханашысы

З.Г.Хисамутдинова «Бақытты балалық шаққа құқығымыз бар» атты кітап көрмесін

әзірледі.

Аталған кампания

шеңберінде «10 патриоттық ән» атты ән айту сайысы өткізілді. Сайысқа 1-6 сынып

оқушылары қатысты. Сонымен қатар, барлық қатысқан сынып ұжымдарына номинациялар

берілді.

«Ата-анамның

жұмысындағы үш күн» 8 сыныптар өз жобаларын қорғады.

Сонымен қатар,

қараша айында мектебімізде террористік және экстремистік ағымдардан сақ болу,

жолда жүру ережелерін сақтау, туберкулез, суицидтің алдын алуға бірқатар

іс-шаралар ұйымдастырылды.

      «Мәңгілік Ел»-Қазақстан және БҰҰ» атты

тарих пәнінің мұғалімдері 9-11 сыныптармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

7-11 сыныптар

арасында жыл сайын мектепішілік КТК сайысы өткізіледі,әдеттегілей биылғы жылы

да қараша айына жоспарланған болатын.  І

орын -8сынып, ІІ орын -11 сынып, ІІІ орын- 9 сыныптар алды. Оқушылар өте жақсы

дайындалды.

Сонымен қатар

мектеп психологы, сынып жетекшілер және ТІ меңгерушісі нашар отбасылармен

ескерту жұмыстары мен рейдттер жасады.

Қараша айында

тәрбие жұмысы төмендегідей бағыттарды қамтыды;

-Қазақстандық

патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

-Рухани

адамгершілік тәрбие

-Ұлттық тәрбие

-Көпмәдениетті және

көркем –эстетикалық тәрбие

Дене тәрбиесі,

салуатты өмір салты. Әр бағыт бойынша тақырыптық, сынып сағаттар өткізілді.

Барлық сынып сағаттрадың тақырыптары мен мазмұны балалардың салауатты өмір

салтын ұстануға, отбасылық құндылықтарды сақтауға және оқушылардың патриоттық

сезімдерін, мектеп оқушыларының талғамдарын айқындауға бағытталған тақырыптық

сынып сағаттар өткізілді.

ЖЕЛТОҚСАН

Мектептегі негізгі

тәрбие мақсаттарының бірі, оның мақсаты оқушылардың азаматтық-патриоттық сана

сезімін қалыптастыру. Отан тағдырына деген өзара қатысушылық сезімі, Еліміз

үшін мақтаныш сезімін сақтап оны әрі қарай дамыту болып табылады.

    Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін

төмендегідей міндеттер қойылған болатын:

-Отанының

мемлекеттік қызығушылықтарын қорғауға дайын, Елінің азаматы-патриоты тұлғасын

тәрбиелеу;

-адам құқықтарын, бостандықтарын

бұзуға, қатыгездікке, адам құрбандықтарына әкелетін зиян істеуге деген нашар

көзқарастарын тәрбиелеу.

   1 желтоқсан АҚТҚ/ЖҚТҚ-ға қарсы күрес күніне

орай тақырыптық сынып сағаттар және медбике әңгімелесулер мен сауалнамалар

өткізді.  Мектеп кітапханашысы

Хисамутдинова З.Г. Тұңғыш Президент күніне арналған кітап көрмесін

ұйымдастырды. ҚР Тұңғыш Президент күніне орай мектебімізде мерекелік

концерт  және мәнерлеп оқу сайыстары,

тақырыптық сынып сағаттары  өтті.

Тәуелсіздік күні қарсаңында 14 желтоқсан күні салтанатты сап түзеуде «Жас Ұлан»

ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді. «Тәуелсіздік –тұғырым» атты концерт орын

алған болатын. 11 сынып оқушылары 

желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алып көрме дайындады. Жоғары сынып

оқушылары жаңа әндер айтып, қыздар би билеп концерттің сәнін келтірді. Мерекелік

концертте мектебіміздің өнерлі оқушылары ән айтиып, тақпақ оқып, би биледі. Сонымен

қатар  әскери сап түзеу сайысы өткізілді.

Сайысқа 1-6 сыныптар қатысты. Оқушыларды 10,11 сынып оқушылары дайындады. Сайыс

нәтижелерінде 1 орын- 6 «А», 2 орын- 6 «Б», 3 орын – 3-4 «А» сыныптары алды.

   Жаңа жылдық іс-шаралар биыл алты кезеңге

бөлініп өткізілді. Шағын орталық, 1-4 «А», 1-4 «Б», 5-8 «А», 5-8 «Б» 9-11 «А»,

«Б». Бастауыш сыныптардағы мерекелік іс –шараларды сынып жетекшілері

ұйымдастырды. 5-8 «А» сыныптарында Махметова М.Б ., 5-8 «Б» сыныптарында

Имбергенева Д.М жауапты болды. 9-11 «А», «Б» сыныптардың кешін өткізу үшін

Байғанат Р. Жауапты болды. Барлық кештер көңілді өтті деуге болады. Балалар би

билеп, ән салып ойындар ойнады.

Желтоқсан айында

тәрбие жұмысы төмендегідей бағыттарды қамтыды;

-Қазақстандық

патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

- Рухани

–адамгершілік тәрбие

-Ұлттық тәрбие

-Көпмәдениеттік

және көркем-эстетикалық тәрбие

-Зияткерлік тәрбие,

ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Әр бағыт бойынша

тақырыптық сынып сағаттар өткізіледі. Барлық сынып сағаттардың тақыптары мен

мазмұны балаларджың салауатты өмір салтын ұстануға, оқушылардың патриоттық

сезімдерін, мектеп оқушыларынң талғамдарын айқындауға, коммуникаттивтік

қабілеттерін дамытуға бағытталған тақырыптық сынып сағаттар өткізілді.  

     

Просмотров: 354


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст