АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тілдер апталығының" қорытынды есебі

22.09.2019

 

«Жалтыр №2 орта мектебі» ММ бойынша

«Тілдер апталығына» орай өткізілген іс шаралар туралы ақпарат

 

        Қыркүйек айының 6-шы жұлдызында «Жалтыр №2 орта мектебі» ММ – де «Тілдер апталығының» онкүндігінің ашылуына арнайы лездеме өткізілді. Лездеме барысында, оқушылар тіл туралы тақпақтар айтып, өз өнерлерін көрсетті. Тіл туралы бейнероликтер көрсетілді. Мектеп директоры қазіргі кездегі «тілдің» маңызды рөл алатындығы туралы баяндап, онкүндіктің жоспарымен таныстырды, лездеме соңында шашу шашылып, онкүндікте өтетін іс – шараларға белсенді қатысуға шақырды.   

Тілдер апталығының жоспары бойынша "Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің негізін қалаушы" атты 11 "А" сынып оқушыларымен тақырыптық сабақ өткізілді. Сабақ барысында, оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әліпбиін құраудағы зор еңбегінің мәнін түсінді. Өзара пікір алмасып, ойларында туындаған сұрақтарына жауап ала білді. Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шоңғалова Гүлнар Бақытқызы.  Кітапханада  «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты көрме ұйымдастырылды. Әр пән мұғалімі сыныптан тыс іс-шара өткізді. Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына орай Омарбекова С.Б. лездеме өткізіп, әр-түрлі сұрақтар қойып, шағын жоба жұмысын қорғады. Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығының қарсаңында Танабаева А.А 8-9 сынып аралығында «Сәкеннің сыр сандығы» атты сыныптан  тыс іс-шара өткізді.  Бастауыш сыныптар аралығында «Ертегілер еліне саяхат» атты көрініс байқаулары өтті. Өткізген Наиманбаева А.А 8-9 сынып аралығында Борисова Раиса Павловна  «Знатоки русского языка» атты брейн-ринг өткізді. Оқушылар белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті.  7 сыныпта Науменко Т.И «Языкознайка» атты сыныптан іс-шара өткізді. Іс-шара ойын түрінде өтті, мұғалім оқушыларды қызықтыра алды. Баимбетова Ж.А 7-9 сынып аралығығда «Кітап сүйер оқырман» атты дөңгелек үстел өткізді. Негізгі мақсаты: Бейімбет Майлинның шығармашылығын насихаттау.

          Сондай – ақ, қазақ тілі пәні мұғалімдері бірлесіп, қабырға газеттерін дайындады. Газет құрылымында әр ақынның өмірбаяны мен өлеңдері таныстырылған.

Просмотров: 577


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст