АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілі бөлек – тілегі бір, жүзі бөлек – жүрегі бір.

20.05.2019

Тілі бөлек – тілегі бір, жүзі бөлек – жүрегі бір.

Бірлік...ынтымақ...береке... осы сөздердің астарында қанша мән жатыр десеңізші... Бірлігі нығайған, ынтымағы жарасқан, береке мен татулықта өмір сүріп жатқан біз,Қазақстандықтар, өте бақыттымыз! Барлық ұлт пен ұлыстың бірігіп, біте қайнасқан жері – Қазақстан. Қазақ елі өзінің қонақжайлылығының арқасында көк туы желбіреп, қыраны көкте самғап, бір шаңырақтың астында көптеген ұлт өкілдерімен бірлікте өмір сүріп келеді. Қазағымның қанына біткен бауырмалдық пен кіршіксіз көңіл татулығымыздың ұйытқысы. Қай халықтың болмасын, өзіне тән мәдениеті мен салтын құрметтеу біздің міндетіміз. Сондықтан да, әр ұлттың салтын танып білуге ерекше көңіл бөлеміз.

Жалтыр №2 орта мектебінде өткізілген «Бір шаңырақ төңірегінде» атты бастауыш сыныптар арасындағы сайыс соның бір дәлелі. Бастауыш сынып оқушылары жеребе тарту арқылы өздеріне түскен ұлттың тілінде сөйлеп, сол ұлттың салт – дәстүрін көрсетіп,  дастарханын жасап, ұлттық биін билеуі керек болды. Бұл сайысты өткізудегі мақсат: Қазақстан Республикасының көпұлтты мемлекет екенін тағы бір дәлелдеп, оқушыларға әр ұлттың өздеріне тән ерекшеліктерін ұғындыру болды.  Даярлық тобы және 1 «А» сынып оқушылары татар ұлтының ұлттық тағамымен таныстырып, көңілді билерімен көзге түсті. Сынып жетекшілері: Билялова Рауза Жексенбайқызы және Сиитова Жанаргүл. Өзбек ұлты болып, 1 «Б» және 3 «Б» сынып оқушылары  қазылар алқасын ерекше қарсы алды, тап бір сол мемлекеттің шекарасынан асып, сол елге саяхат жасағандай күй кештірді. Сынып жетекшісі: Булименко Марина Игорьевна. 2 «А» және 2 «Б» сынып оқушылары украин халқының тілінде сөйлеп, қызықты ойынын ойнап, өздерінің көз тартарлық киімдерімен ерекшеленді.  Сынып жетекшілері: Семья Майра және Каратовская Людмила Николаевна. Келесі, бізді, 3 «А» сыныбы,яғни, орыс ұлты қарсы алды. Орыс ұлты да аянып қалмады әрине, қыздары ұлттық биін билеп, дастархандарынан дәм таттық.Сынып жетекшісі: Картабаева Ботакөз Калиевна. Одан соң, 4 «А» және 4 «Б» сынып оқушыларының ауылына бетбұрдық. Қазақ ауылы дастарханын жайнатып, етін асып, биін билеп таң – тамаша күйде қалдырды. Сынып жетекшілері: Найманбаева Айнагүл Айтпаевна және Салдыбаева Надежда Ивановна. Қазылар алқасы, әр ұлттың тағамынан дәм татып, салт – дәстүрін қарап, билерін тамашалап, оқушыларды келе жатқан «Бірлік» мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

 Сайыс қорытындысы бойынша, 1 «Б» және 3 «Б» сынып оқушылары,  өзбек ұлты «ГРАН ПРИ» иегерлері атанып, бағалы сыйлықпен марапатталды. Жүлделі І орынды 2 «А» және 2 «Б» сынып оқушылары, «Украин ұлты» иеленді. Ал,  ІІ орынды 4 «А» және 4 «Б» сынып оқушылары, «Қазақ халқы» ие болды. Келесі кезекті, ІІІ орынды Даярлық тобы мен 1 «А» сынып оқушылары иеленді. Жүлделі орындарды алған сынып оқушылары сыйлықтарға ие болды. Осылайша, бастауыш сынып оқушылары әр ұлттың қандай ерекше тұстары бар екенін ұғынды.

Еліміздің тыныштығын сақтап, бейбіт мекенде өмір сүруге жағдай жасаған Елбасымызға айтар әркімнің де алғысы шексіз. Біздің жерімізде 130-дан астам ұлт – өкілдерінің бірлікте,ынтымақта, татулықта өмір сүріп жатқаны біз үшін ұлы мәртебе.

 

                                                                                                                                                                                                                      Серікгүл Омарбекова

Просмотров: 576


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст