Қазақстанда бірінші сыныптарға құжаттар қабылдау 1 сәуірде басталады.
Қазақстанда бірінші сыныптарға құжаттар қабылдау 1 сәуірде басталады және 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл оқу процесінің барлық қатысушыларына ыңғайлы болу үшін жасалған.
Ата-аналар мектеп туралы алдын-ала шешім қабылдап, қажетті құжаттарды уақытында тапсырып, оқу құралдарын жинай алады.
Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, оқулықтардың қажетті санын сатып алады, сағаттарды үлестіреді және мұғалімдер құрамын анықтайды.
Өтінішті төмендегідей құжаттар тізімімен egov.kz арқылы беруге болады:
— ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
— баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
— «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
— 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
— 3х4 көлеміндегі 2 фото.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша