«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ 2024 жылдың 19-21 қараша аралығында Сандықтау ауданы Сандықтау ауылының «Жас дәурен» жыл бойғы балалар сауықтыру лагерінің базасында «Мен табиғатты танып білемін» облыстық зерттеу жұмыстар байқауын өткізді.
Облыстық байқауға Астрахан, Бурабай, Зеренді, Жақсы, Егіндікөл, Сандықтау, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласынан 33 оқушы қатысты. Біздің мектептен 6 "А" сыныбының оқушысы Серикпаева Шырын "Мені қоршаған әлем - таңғадайып әлем" номинациясына қатысып жүлделі І орынды иеленді. Ал 11 "Б" сыныбының оқушысы Никитина Карина "Экология - әркайсымыздың ісіміз" номинациясына қатысып ІІІ орынды иеленді. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Баймагамбетова Ж.А. мен география пәні мұғалімі Халанский Ю.А. жетекшілерін құттықтаймыз!
@turizm_deneshynyktyru_ortalygy