Текст
2024 жылдың 26 қарашасында «Жалтыр ауылының №2 ЖОББМ» КММ-де кезектен тыс әдістемелік кеңес өтті. Директордың оқу ісі жанындағы меңгерушісі Махметова М.Б. мектеп педагогтеріне мемлекеттік білім беру стандартына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі туралы жобамен таныстырды. Маржан Баженовна мемлекеттік білім беру стандартының 2026-2027 оқу жылында енгізілетіндігі, әр бағыт бойынша, пән бойынша өзгерістер болатындығы туралы айтты. Әр педагог бұл жобамен танысып, өз пікірін білдіре алатындығын ескертті.