АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңесінің №2 хаттамасы

21.02.2023

Қатысқандар-  12                                                                     06. 01.2023 жыл

 

Күн тәртібінде:

 

1.  І жартыжылдықтың қорытындысын шығару.

2. 2022-2023 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы Қамқоршылар кеңесі алдындағы мектеп директорының есебі.

3. Әртүрлі сұрақтар

 

Қаралды:

 

Тыңдалды: Мектеп директоры Серикбаева А.У. жиналысты ашық деп жариялап, күн тәртібіндегі жоспармен таныстырып өтті. Онда бірінші мәселе бойынша І жартыжылдықтың қорытындысын шығару.

Ата-ана: Иманкулова Г.Е.: 2022-2023 оқу жылы бойынша қыркүйек айында тегін ыстық тамақтанушылар тізімін құру мақсатында жағдайы аз қамтылған отбасы арыздарын қабылдау жоспар бойынша жүзеге асты. Балалардың құжаттары ҚР білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы №650 бұйрығы 6-қосымша, ҚР Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 13 сәуіріндегі №198 бұйрығы 9-қосымшасы негізінде «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарындағы жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет түрімен тізбектелген құжаттар негізінде толық қабылданды. Ақмола облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің №02-25/4735 хаты негізінде 3-тоқсан күнкөріс деңгейі – 25 156 теңгемен есептеліп, әр балаға АКТ жасалды. Құжаты толық тапсырылған оқушыларға сол күннен бастап тамақтандыру жұмысы жүргізілді. Қазіргі күні тегін ыстық тамақпен қамтылған бала саны 42-ге толды.

Биылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі материалдық көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізді. Бұған дейін өңірлерде бөлінген сома 17-ден 40 мың теңгеге дейін болса, биыл бұл сома ұлғайтылып, кемінде 37 389 теңгені құрап отыр.

 

Сондай-ақ көмек көрсету тетігіне де өзгерістер енгізілді. Енді ата-аналарға мектеп формасын, аяқ киім, кеңсе тауарларын және т.б. балаларымен бірге таңдап, сатып алуы үшін жеке шоттарына ақша аударылады. Бұрын мұның барлығын әкімдіктер сатып алатын және ол тауарлардың өлшеміне, сапасына және т.б. байланысты мәселелер туындайтын.

Жалпыға бірдей білім беру аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушыларға және т.б. көрсетіледі.

 Енді ата-аналар банктегі шотына ақшаны тікелей алып, балаларға мектеп формасын, кеңсе тауарларын және аяқ киімін өздері таңдай алады. Бұдан былай бала ата-анасымен бірге таңдаған мектеп формасымен бара алады. Мұның артықшылығы осында. Бұған дейін сатып алумен әкімдіктердің қызметкерлері айналысатын. Жыл сайын өлшемдерге, сапаға байланысты проблемалар туындайтыны естеріңізде болар, тіпті балалар ол киіммен жүруге ұялатын. Қазір әкімдіктер белсенді түрде ата-аналардың шотына 37 389 теңгеден кем емес қаражатты аударып, оқушылар қалаған мектеп формаларын алды.

   Екінші мәселе бойынша 2022-2023 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы Қамқоршылар кеңесі алдындағы мектеп директорының есебі тыңдалды.

Мектеп директоры: Серикбаева А.У.: Мектебіміздің аз қамтылған  оқушыларымыз облыс, аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасына қатысып келді. Облыс әкімі атынан шыршаға 1 бала, аудан әкімі шыршасына 4 бала қатысты. Облыс әкімі атынан шыршаға қатысқан көпбалалы отбасыдан шыққан оқушыға 100.000 (жүз мың) теңгелей сыйлық, тәтті қорапша, кітап себеті табысталды. Аудан  әкімі шыршасына қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар, кітап себеті табысталды.

Мектебіміздің түлегі Серикбаева С.М. мектептің қажеттіліктеріне 10.000(он мың) көлемінде ақшалай көмек көрсетті. Аталған көмекке мектеп әкімшілігі мектеп стендін алуға жұмсады.

Үшінші  мәселе бойынша әртүрлі сұрақтар қойылды. Оның ішінде Абишева З. аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың отбасындағы жылу отындарының жайын сұрады. Жылу отындарымен көмектесетіні туралы ұсыныс білдірді. Сұраққа мектеп әкімшілігі толық жауап берді.

 

         

Шешім:

  1. Қамқоршылық акциясының қорытындысы қанағаттанарлық деп саналсын.

 

  1. 2022-2023  оқу жылы бойынша І жарты жылдық оқу-тәрбие қорытындысы жақсы деп саналсын.

 

  1. Қамқоршылық кеңес жанынан аз қамтылған отбасындағы оқушыларға көмек көрсету жалғастырылсын.

 

                             Хатшы                                       Альжанова К.Ш.        



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 21.02.2023 11:47
Құрылған күні: 21.02.2023 11:47

Текст