АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Полиглот» апталығы(ағылшын,орыс тілі мен әдебиеті) (11.11-22.11.2024 жыл)

2024-2025  оқу жылына арналған мектептің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 11-20  қараша күндері «Полиглот» апталығы (ағылшын,орыс тілі мен әдебиеті) апталығы өтті.
Онкүндіктің мақсаты:
- Тілдерді  үйренуге деген қызығушылықты арттыру;
- Шынайы  тіл мәдениетін сақтау;
- Оқушыларды лингвистикалық және фунционалды дамыту;
- Сөйлеудің  сұлулығы мен мәнерлілігіне тәрбиелеу; 
- Оқушылардың лингвистикалық білімін кеңейту.
Онкүндіктің міндеті:
- Оқушылардың  танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту үшін жағдай жасау;
- Шығармашылық қабілеті бар білім алушыларды анықтау;
- Іс-шаралар мен конкурстар өткізу арқылы білім алушыларды шығармашылық іс-шараға  тарту;
- Оқушылардың лингвистикаға ғылым ретінде қызығушылығын арттыру.
Онкүндік шеңберінде бекітілген жоспарға сәйкес сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Онкүндік аясында мұғалімдер өткізген сыныптан тыс іс-шаралар мен сабақтарға 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Онкүндікте іс– шараларды жоғары деңгейді қызықты әрі пайдалы өткізу педагогтардың басты назарында болды. Өткізілген іс-шаралар мектеп оқушыларына ерекше кейіпкерлер, шығармалар туралы көптеген жаңа, қызықты әрі құнды дүниелерді білуге көмектесті, бұл өз кезегінде пәнді оқуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға көмектеседі.
"Культура русской речи" тақырыбында оқушылармен кеңес, сұхбат сабақтары өтті. «Ожившие герои»  байқауында І орынды  11 оқушысы Никитина Карина иеленді,  А.С.Пушкина «Евгений Онегин» шығармасындағы Татьяна рөлін сомдады. «Мое любимое стихотворение» бейнероликтер жарысы мен  «Книга, которая осталась в памяти» тақырыбындағы эссе жазу байқауында да жүлделі І орынды иеленді. 8- 9 «Б» сыныптары аралығында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Науменко Т.И. "Своя игра" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді.  «5 -6 Б» сыныптарында «Знатоки русского языка и литературы» тақырыбында  тыс іс-шара өткізілді. Оқушылар жалпы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін көрсете білді. 
Орыс тілі және әдебиеті пәні Науменко Т.И. 8 «Б» сыныбынла классе «Образ Джульетты в трагедии «Ромео и Джульетта»» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Семияа Н. 6-7 «А» сыныбында "Who knows English well" тақырыбындағы сыныпта тыс іс-шарасы жоғары деңгейде өтті. 
5-9 сыныптары аралығында орыс тілі және ағылшын тілі тақырыптарында берілген әндер "КАРАОКЕ" өткізілді.
 
"Полиглот" онкүндігі жоспарға сәйкес барлық іс-шаралары жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Оқушыларға жалпы тілдік, зияткерлік және танымдық қабілеттерін көрсетуге және дамытуға, лингвистика саласындағы білімдерін кеңейтуге және жалпы білім беру көкжиегін дамытуға көмектесті. Мұғалімдер әр оқушының жеке, шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін көрсету және одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасай алды, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастырды.
Апталықтардың қорытындыларын талдай отырып, келесідей қорытынды жасауға болады: пәндік онкүндікті өткізуге әдістемелік бірлестіктер мен пән мұғалімдері белсенді қатысып, жоғары шығармашылық белсенділік танытты. Өткізілген барлық іс-шаралар оқушылардың қызығушылығын тудырды және танымдық белсенділік деңгейін арттыруға ықпал етті. «Полиглот» пәндік онкүндігінің мақсаттарына жете алды, міндеттер орындалды.
Жаңартылған күні: 17.02.2025 10:47
Құрылған күні: 17.02.2025 11:05

Текст