АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ «ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сөз шебері» апталығы

Сөз шебері» апталығының жоспарына сәйкес 10.02.2025  жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймагамбетова Ж.А. 8 «Б» сыныбында «Мен елімнің ертеңімін» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты :Прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтап, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға береді. Орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдайды, тақырыбы мен идеясын талдайды. Сабақ мақсатына сәйкес тапсырмалар дайындалды, тапсырмаларға дұрыс дескрипторлар жасалынды. Оқушылар жеке, жұптық тапсырмаларды орындады. Әр тапсырмада кері байланыс берілді және бағалау парақтарын толтырды. Сабақта толық АКТ қолданылып, адамзаттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды игертуге бағытталған тапсырмаларды сәтті орындалды. Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмаларда мәтіннің идеясын, тақырыбын, көтерілген мәселелерін анықтады. Оқушылар сабақ соңында рефлексия жасап, бүгінгі сабақ мақсатына жеткендіктерін айтты. Мұғалім тарпынан оқушыларға  әдеби тіл нормаларын қайталап, кейіпкерлерді бағалауда сөздік қорға, тілдік жүйеге басымдық беруін ұсынды.

Жаңартылған күні: 17.02.2025 11:14
Құрылған күні: 17.02.2025 11:15

Текст