Өткізілген іс-шаралар:
1. Отандық және әлемдік тарихтың негізгі сәттері туралы жобалар.
2. Айтулы күндерді, негізгі оқиғаларды және тұлғаларды білуге арналған викториналар мен конкурстар.
3. Көркем фильмдерді қарау, содан кейін талқылау.
5. Аймақтың тарихымен байланысты мұражайға бару.
24.10.2024 жылы алдын ала мектептін тарих пәні мұғалімдерінің апталықтың жоспары қарастырылып, директордың қолымен бекітілді. Апталықтың ашылуы және жоспарымен оқушыларды дүйсенбі күні лездемеде таныстырылуы өткізілді.Мектеп фойесінде «Тарих беттерінен...»тақырыбында аннимациялық көрсетіліммен басталып,оқушылар тарих кезеңдеріне шолу жасады.
28.10.2024 жылы 7-8-9 сыныптардың оқушыларына «Қазақ хандығы» көркем фильм көрсетіліп талқылады.
29.10.2024 жылы апталықтың екінші күні жоспар бойынша
«Тоғыз әулие» кешеніне бару ұйымдастырылды.Өлкеміздің тарихи ескерткіштерімен таныстыру және осындағы ескеркіштер туралы мәліметтер жинау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара болды.
30.10.2024 күні тарих пәні мұғалімдері жоспарланған «АЛЖИР» мемориалдық мұражайға саяхат ұйымдастырылды.Оқушыларды тарихтың қаралы беттері жайлы мәліметтермен танысуы өте қатты әсер етіп,ой-өрістерін кеңейтті.
24.10-31.10.24 аралығында жоспар бойынша «Республикам менің!» тақырыбында тарихи эссе байқауы 5-11 сынып жүргізілді.Эссе байқаунда үш жұмыс «үздік» деп бағаланды олар 8 «А» оқушылары; Байбулова Зере,Кабдрахманова Анель,Нәзірхан Ләйлә жүмыстары
Тарих пәні мұғалімі М.Б.Махметова «Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында» 8 «А» сыныбында ашық сабақ өткізді.
Тарих пәні мұғалімі К.С.Дюсебеков «Возникновение кочевого скотоводства» тақырыбында 5 «Б» ашық сабақ өткізді.
«Жошы – қазақ хандығының түп атасы» тақырыбында 9-10-11 сыныптары аралығында сайыс өткізілді.
Нәтижелер:
1. Оқушылар стандартты емес жұмыс түрлері арқылы тарихты зерттеуге қызығушылықтың артқанын көрсетті.
2. Сыни ойлаудың дамуы және оқиғалар арасындағы байланысты табу мүмкіндігінің артқаны байқалды.
3. Топтық жұмыс және бірлескен қызмет дағдылары нығайды.